Лисаковта абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Лисаковта абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Лисаков қаласында биыл тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр.

Қала инфрақұрылымын жаңғырту, аулаларды абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу, көшелерді жарықтандыру мен жолдарды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджетпен қатар, ERG компаниясы мен кәсіпкерлер де қолдау көрсетуде.

blank blank

Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраевтың айтуынша, биыл шаһардың келбетін жақсартуға ерекше көңіл бөлінген.

«Қаланы абаттандыру жұмыстары тек жергілікті бюджет есебінен емес, тұрғындардың бастамалары мен бизнестің белсенді қолдауы арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Басты мақсатымыз – лисаковтықтарға жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыру», – деді Абай Ибраев.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Лисаков қаласы