Науырзым ауданында ұлттық спорттың намысын қорғап жүрген «Байтұма» көкпар командасының жігіттері бүгін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады.
Сайлау учаскесінде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Көкпаршылар да маңызды қоғамдық науқаннан тыс қалмай, ел өміріне деген өз ұстанымдарын білдірді.

«Біз үшін елдің болашағы – маңызды. Азамат ретінде өз таңдауымызды жасау – әрқайсымыздың міндетіміз. Жастар да, спортшылар да ел өміріне белсенді араласуы керек», – дейді «Байтұма» командасының спортшылары.
Ұлттық спортты ұлықтаған жігіттердің бұл қадамы – ұлттық рух пен азаматтық жауапкершіліктің үйлесімін көрсетеді.
Бірлік бар жерде – береке бар. Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес!
