Құрылтай құрметіне: сарыкөлдік жастар флеш моб өткізді

Құрылтай құрметіне: сарыкөлдік жастар флеш моб өткізді

Бүгін Сарыкөл ауданының жастары өздерінің белсенді азаматтық ұстанымын тағы бір мәрте көрсетті.

Ауданның белсенді жастары құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасағаннан кейін бірлік пен көтеріңкі көңіл-күйді дәріптеген ерекше флешмоб ұйымдастырды. Орталықта мың бұрала би билеп, саяси науқанды мерекеге айналдырды. blankblank

«Бұл — жастықтың жалынды энергиясы, ел болашағына деген сенім және қоғам өміріне белсенді араласудың жарқын көрінісі! Сарыкөл жастары — белсенділік пен бірліктің, жарқын болашаққа ұмтылыстың үлгісі!» – дейді флешмобты ұйымдастырушылар.

blankАқпарат үшін айта кетейік, бүгін аудан көлемінде 30 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. 11 325 адам дауыс беруші ретінде тіркелген. Өмімірнде тұңғыш рет дауыс беру мүмкіндігін иеленген жастардан бастап, қоғам белсенділері, көп балалы отбасылар, «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушылары, мекеме-ұйым қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қадірлі қариялар дауыс беруді жалғастырып жатыр.