Еңбек Ері Алмат Тұрсынов Құрылтай сайлауында дауыс берді

Еңбек Ері Алмат Тұрсынов Құрылтай сайлауында дауыс берді

Белгілі қазақстандық кәсіпкер, өнертапқыш, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы, «Қазақстанның Еңбек Ері», «Қарасу-Астық» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Алмат Тұрсынов дауыс берді.
Ол өз таңдауын А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ғимаратында орналасқан №1 сайлау учаскесінде жасады.blankЕңбек ері, қазақстандық белгілі кәсіпкер сайлаудың ел өміріндегі маңызына тоқталды.

– Сайлау – біздің еліміз үшін маңызды оқиға. Әрбір азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы керек. Өйткені біз өз жолымызды таңдаймыз. Бүгінгі сайлаудың бұрынғы сайлаулардан ерекшелігі бар. Қазір Мәжіліске депутаттарды бір палаталы жүйе бойынша сайлау жүргізілуде. Бұл – Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысының елімізді дамытудағы негізгі ұстанымдарының бірі – Әділетті Қазақстан құру. Сондықтан бүгінгі Құрылтай құрамына елдің болашағына оң өзгеріс әкелетін, мықты саяси күштердің өкілдері өтуі керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда әлемде үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Бұрынғы механикалық даму жолдарынан цифрландыруға, жасанды интеллекті қолдануға көштік. Осыған байланысты бүгінгі уақыт ауқымды жаңаруды талап етеді. Менің ойымша, Қазақстанда ғана емес, шетелде де сапалы білім алған жастар – мемлекетімізді алға сүйреп, оның дамуына серпін беретін азаматтар. Жастардың білімі мен жаңа көзқарасы елдің болашағы үшін өте маңызды. Алдағы уақытта Қазақстанымыздың гүлденіп, өркендей беруіне тілектеспін. Елімізге береке, азаматтарымызға сәттілік пен табыс тілеймін! – деді Алмат Тұрсынов.

blankЕлдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген азамат үшін Құрылтайдағы дауыс беру – мемлекет болашағына қатысты маңызды шешімдерге азаматтық ұстанымын білдірудің бір көрінісі. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Алмат Тұрсынов өңірдегі өндірістің дамуына, ауыл еңбеккерлерінің әлеуетін арттыруға және отандық аграрлық сектордың нығаюына үлес қосып келеді.blankАл бұл сайлау учаскесінде 1507 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 9 азаматтың бүгін туған күні және екеуінің мерейтойы. Сонымен қатар сегіз адам алғашқы рет дауыс береді. Туған күн иелері мен алғаш рет дауыс беріп жатқан азаматтарға сыйлықтар берілуде.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ