Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат

Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат

23 тамыз – Құрылтай сайлауы күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Мирас» мәдениет үйі мен музыкалық мектепте тағылымы мол көрме ұйымдастырды.

Көрме төрінен ұлттық музыкалық аспаптар мен танымал қылқалам шеберлерінің туындылары орын алып, келушілерге халқымыздың бай мәдени мұрасын кеңінен таныстырды.

blank blank

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени шаралардың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи-мәдени мұраға деген құрметті арттыру.

blank

«Ұлттық мұраны дәріптеу – өткенді танып қана қою емес, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу. Бүгінгі көрме арқылы келушілерге халқымыздың өнері мен мәдениетінің сабақтастығын көрсетуге мүмкіндік туды», – дейді көрме ұйымдастырушылары.

blank

Өнер мен тарих тоғысқан көрме келушілерге ерекше әсер сыйлап, ұлттық құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте айшықтады.