Сүйінші! Арқалықтық оқушылар Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Сүйінші! Арқалықтық оқушылар Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Астанада өтіп жатқан Халықаралык көп жанрлы «Unistar Astana» байқауында «Бейнелеу онері» номинациясы бойынша Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Мария Дмитрова «Ұлы дала, Қазақ елі» кескіндеме жанрынан Гран- Примен марапатталды. М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Нұрислам Табылды алграфика жанрынан Гран -Приға қол жеткізді.

Бұл балалар Арқалық қаласының «Жас-Ұлан» жасөспірімдер орталығындағы «Суретші» уйірмесіне қатысып журген талантты, әзденисі мол оқушылар.

«Екі оқушым да жеңімпаз атанып, келесі байқауға жолдама алды. Конкурсқа Астана, Қарағанды т.б қалалардан оқушылар қатысты. Байқаудың хореография, вокал, инструментальдық жарыстары да болды. Төменнен жоғары өрлеп «Гран-При Арқалық!» дегенде төбем көкке тигендей болды», – дейді жеңімпаздардың жетекшісі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Мәдениет және өнер саласының үздігі Сапарбек Ұзақов.

blank blank

Жерлестерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз.

 

                                          Мұрат Жүнісұлы                                                                                 Арқалық қаласы