Экологиялық слет: жастар күші — жаңа бастамаларға

Экологиялық слет: жастар күші — жаңа бастамаларға

Қостанай облысында жастар мен волонтерлердің экологиялық мәдениетін арттыруға және азаматтық белсенділігін күшейтуге бағытталған облыстық экологиялық слет басталды.

Слетке облыстың барлық аудан-қаласынан 18-35 жас аралығындағы 80-ге жуық белсенді жас пен волонтер, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысып жатыр. Сондай-ақ басқосу Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола облыстарының белсенді жастарын біріктіріп отыр.

Слеттің ашылуында облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қазез сөз алып, жастардың әлеуетін нақты істерге бағыттау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызына тоқталды.

«Бүгінгі таңда Қостанай облысында 210 мыңнан астам жас бар. Бұл – өңірдің дамуына елеулі үлес қоса алатын үлкен күш. Жастардың әлеуетін нақты істерге бағыттау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Жастарды еңбекпен қамту бағытында да нақты нәтижелер бар. Соңғы бес жылда «Жасыл ел» еңбек жасақтары арқылы 9 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. Биыл тағы кемінде 1 900 жасты еңбек жасақтарына тарту жоспарланып отыр. Бұның бәрі жастардың еңбекке араласуымен қатар, туған жерді абаттандыруға, көгалдандыруға және қоршаған ортаны қорғауға қосқан елеулі үлестің көрінісі», – деді Қайрат Қазез.

Слет аясында экологиялық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысымен танысу, тренингтер, шеберлік сабақтары және командалық жұмыстар жүргізіледі. Қатысушылар өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді талдап, оларды шешуге бағытталған стратегиялар әзірлейді.blank

Бағдарламада экологиялық волонтерлік, ұқыпты тұтыну, зооволонтерлік, қалдықтарды қайта өңдеу, көгалдандыру, жаңартылатын энергия көздері және климаттық жобалар бағыттарына жас ерекше көңіл бөлінеді.blankБүгін де қатысушылар экологиялық лагерь аясында көптеген мәнді-маңызды іс-шараларға қатысты. Мәселен, «Весна» тәлімбағына барып, өңір климатына бейімделген жеміс-жидектің және сәндік өсімдіктердің сан түрімен, оларды баптау ерекшеліктерімен танысты.blank Сондай-ақ «EkoZhas» жобасы аясында Федоров ауданындағы «АгроЭкоХабқа» экскурсия жасалды. NECO экоклубының негізін қалаушы Наурызбек Бірмағамбетовпен келелі кездесу өтті.blank «Атамекен 4+» ЖШС-де қайталама шикізатты жинау, сұрыптау, қайта өңдеу процестері көрсетілді. Экскурсия соңында қатысушылар жүзге жуық өсімдік отырғызып, аумақты көгалдандыруға үлестерін қосады.blankblankblankСлет әлі де жалғасады. Қорытындысында үздік экологиялық стратегияны іске асырған топқа кемінде 1 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Іс-шара «Біз мұнда болған жоқпыз!» экологиялық акциясымен аяқталады.

Облыстық экологиялық слет — жастардың білімін арттырып қана қоймай, олардың экологиялық бастамаларын нақты жобаларға айналдыруға жол ашатын маңызды алаң.