Қайырбеков көшесіндегі сынақ

Қайырбеков көшесіндегі сынақ

Қайырбеков көшесіндегі құрылыс жалғасуда. Асфальт төсеу кезінде француз өндірісіндегі төзімді «ПР ПЛАСТ» битум материалы қолданылыпты.

Шайырға ұқсас органикалық байланыстырғыш су өткізбейді және өте берік. Кейін жолды ойылып қалудан сақтайды. Тиімділігін дәлелдесе аталған материал қозғалыс көп көшелерге қолданылмақ. Быковский, Волынов көшелеріндегі жұмыс аяқталды. Қозыбаев, Коморов көшелеріндегі жөндеу жартылай бітіп қалды. Летунов және Пушкин көшелері жоспарда тұр.

«Сонымен қатар Нариманов көшесін (Абай және Баймағамбетов көшелерінің арасындағы 0,7 шақырымдық учаскені ) қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Алтынсарин-Баймағамбетов көшелерімен түйіскен аумақтағы жасыл желекті сақтап қалу мақсатында жобаға түзету енгізіліп, оны жүзеге асыру мерзімі 2025 жылдан 2026 жылға ауыстырылды. Нариманов көшесінің енін 8 метрден 14 метрге дейін кеңейтіп, қосымша көлік тұрағын жасақтау қарастырылған. Абай және Алтынсарин көшелерінің арасындағы 0,3 шақырымдық учаскеде асфальт ауыстыру, ал Абай және Баймағамбетов көшелерінің арасындағы 0,7 шақырымдық аумаққа жарықтандыру жүйесін орнату көзделген», – деп түсіндірді ТКШ бөлімінің басшысы

.