Суды хлорлау жүргізіледі

Суды хлорлау жүргізіледі

Қостанай қаласында 18-21 тамыз аралығында салқын суды шамадан тыс хлорлау жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы «Қостанай су» коммуналдық мекемесінің директоры Қазбек Шалабаев дүйсенбілік аппарат кеңесінде мәлімдеді.

Көрсетілген мерзімде суық су құрамындағы хлордың мөлшері әдеттегіден жоғары болады. Сол себепті қала тұрғындарына краннан алатын суды міндетті түрде қайнатып тұтыну ұсынылады. Ауыз суды алдымен тұндырып, содан кейін қайнату қажет.

Гиперхлорлау әдісі су жүйесін залалсыздандыру мақсатында жасалмақ. Ауыз суды қауіпті бактериялар мен вирустардан тазарту үшін жүргізілетін маңызды санитарлық-профилактикалық іс-шараның бірі. Бұл процесс су арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алады, судың иісі мен түсін жақсартады.

Қ.МҰРАТБЕКҚЫЗЫ

Фото ЖИ