Меңдіқара ауданында Абай күніне арналған концерт өтеді Фото: kz24.news

Меңдіқара ауданында Абай күніне арналған концерт өтеді

Меңдіқара ауданында Абай күніне орай «Le Songe d’Abai» атты мерекелік концерт ұйымдастырылғалы отыр. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

Концертте Абай Құнанбайұлының әндері орындалып, ақынның шығармашылығы мен рухани мұрасын дәріптейтін музыкалық бағдарламалар ұсынылмақ.

Мерекелік кеш 7 тамыз күні  кешкі сағат 20:00 Меңдіқара ауылының орталық алаңында өтеді деп жоспарланған.