Өткен жылы қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты “Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі” АҚ көршілес ресейлік тұтынушыларға кәсіпорын өнімін жеткізуді тежеген болатын. Салдарынан өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болды. Жағдайдың кәсіпорын экономикасына, жұмыскерлер жалақысына қаншалықты әсер еткенін Темір кені дивизионының басшысы, «ССКӨБ» АҚ Бас директоры Сергей Александрович Напольских баспасөз конференциясында кеңінен баяндап берді.
Басшының айтуынша, қалыптасқан жағдай жұмыскерлер жалақысына әсер етпеген. Керісінше, 2023 жылдың қаңтар айынын бастап ERG өндірістік кәсіпорындары қызметкерлер жалақысы 15%-ға өсіп отыр.
– Еңбекақы қорын ұлғайтуға қосымша 60 млрд теңге бағытталды. Былтырғы экономикалық жағдайға келсек, темір кені өнімдерінің көлемі мен бағасының төмендеуі, әрине кәсіпорынның таза кірісінің төмен болуына ықпал етті. Алайда, жаңа тұтынушыларды тапқанның арқасында, өзге тұтынушылардың жүктемесін арттыру арқылы көштен қалған жоқпыз. Тауарлық өнім бойынша биылға аранлған жөнелту жоспарын 30%-ке ұлғайтуға мүмкіндік туды. Тиісінше, өндіріс жоспары да артты. Сонымен қатар, қосымша көлемді сату үшін тауарлық өнімнің бірнеше түрін, оның ішінде офлюстелген түйіршіктер мен төмен күкіртті концентратты өндіруге кірістік, – деді «ССКӨБ» АҚ Бас директоры Сергей Напольских.
Кен орыны екі учаскіде – Сарыбай және оңтүстік Сарыбай карьерлерінде өңделеді. Қазіргі кезде Сарыбай учаскесінде жылына 6 млн тонна кен өндірілсе, өкінішке қарай Оңтүстік Сарыбайда тау-кен жұмыстары 2015 жылы әлемдік нарықтағы темір кені шикізатына сұраныстың төмендеуіне орай тоқтатылған. Бас директор оған қарамастан оңтүстік-Сарыбай учаскесі ERG-дің маңызды шикізат активі және стратегиялық жобасы екенін тілге тиек етті.
– Соколов және Сарыбай карьерлеріндегі тау-кен жұмыстары бәсеңдегені жасырын емес. Ірі шикізат активтері пысықталғандықтан Оңтүстік-Сарыбай учаскесінің рөлі арта түспек. Бұл кәсіпорынның қуатын сақтау үшін маңызға ие. ERG Capital Projects жобалық кеңсесі шикізат активтерін дамыту бағдарламасы шеңберінде Оңтүстік–Сарыбай карьерін әзірлеу бойынша жобалық жұмыстарды өзектендірді, – деді ол.
Өнімді сатуда кәсіпорын өткізу нарығын кеңейтуде. Темір кені өнімдерінің жаңа тұтынушыларын тауып, сол бағытта жұмыс атқарып жатыр. Сондай-ақ, кәсіпорын басшысы Қашар карьерінің мүмкіндігіне де тоқталды.
– Қытайға жөнелтуді күшейтіп жатырмыз. Сондай-ақ, ресейлік санкцияға ілікпеген кәсіпорындармен жұмысты жалғастыра бермекпіз. Одан бөлек Еуропаға жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Қашар карьеріне тоқталар болсам, шынымен әлеуеті мол бөлімшелердің бірі. Бұл карьер барлық руда өндірісінің жартысына жуығын береді. Осы карьермен байланысты бірқатар инвестициялық жобалар бар. Солардың бірі “Қашар мансабын дамыту” жобасы. Осы жоба шеңберінде карьерді (ТЖ+авто) өңдеудің аралас схемасынан автомобильге көшудің арқасында кен бойынша өндірістік қуаттылықты жылына 26 млн тонна деңгейіне дейін ұлғайту жоспарлануда. Берілген өнімділікке тау-кен техникасын техникалық қайта жарақтандыру есебінен қол жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2021 жылы ERG Hitachi ресми дилері – Eurasian Machinery компаниясымен жабдықты жеткізуге келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт талаптары бойынша 2024 жылдың соңына дейін жүк көтергіштігі 220 тонна болатын 42 өзі аударғыш жүк машинасы және сыйымдылығы 29 м3 болатын 6 гидравликалық экскаватор жеткізілетін болады. Сондай-ақ, жоба аясында көмекші техниканы (бульдозер, автогрейдер, автоотын құюшы, тартқыш, трал және т.б.) сатып алу жоспарлануда. Кешендегі жаңа тау-кен техникасы карьер жұмыстарын тиімді және қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Қашар алаңында техникалық қызмет көрсету және жөндеу бокстары, ЖЖМ қоймалары және ірі габаритті шиналар сияқты бірқатар инфрақұрылым объектілерін салу жоспарлануда. Күрделі жағдайға қарамастан, инвестициялық жобаны іске асыру жоспар бойынша жүріп жатыр, – деді Сергей Напольских.
Айта кету керек, ERG бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Солардың бірі қала мен кәсіпорынға қатысты түрлі бағыттар бойынша идеяларды қаржыландыруға бағытталған белсенді азаматтар мектебі. Бас директор жобаларға тоқталып, қашан қаржыландырылатынын айтты.
– “Белсенді қала тұрғындары мектебі” жобасы 2020 жылдың соңында Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы ERG-мен серіктестік негізді құрылды. Бұл ERG қызметкерлеріне “Халық қатысатын бюджет” республикалық бастамасына қатысу үшін өз жобаларын дұрыс дайындауға мүмкіндік беретін жобалық менеджменттік оқыту. Жобаға қатысушылар бюджеттік сауаттылық, жобаларды басқару, визуализация курстарынан өтеді. Сонымен бірге, цифрлық құралдармен жұмыс істеуді үйренеді. Оқыту қорытындысы бойынша әрбір қызметкер толық жлба жасап, оны байқауға жөнелте алады. Біздің қызметкерлер оқуды 2022 жылдың желтоқсанынан бастап бастады және осы жылдың наурыз айына дейін өз жобаларын дайындады, қала әкімдігінің сараптамасынан өтті және сараптама қорытындысы бойынша дауыс беруге жіберілді, ол сәуір айында аяқталды. Сараптама қорытындысы бойынша ССКӨБ қызметкерлерінің 6 жобасы жобалық ұсыныстар тізіміне енгізілді және бюджеттік өтінімдер жасауға жіберілді. Басым бөлігі аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңы мен спорт алаңдарын салуға бағытталған. Іске асырылған жобалардың ішінен қалалық мәдениет және демалыс орнын “Арқан саябағын” айтуға болады. Қалғандары келер жылы жүзеге асып қалатын шығар, – деді Сергей Напольских.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы