2 ақпан — Ұлттық басылым күні

2 ақпан — Ұлттық басылым күні

2 ақпан Ұлттық басылым күні болып жарияланды.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады.

— Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен еді, — деді министр.