Халықаралық олимпиада жеңімпазы: экономика – бұл сандар ғана емес, ол мемлекет пен адамға да қатысты

Халықаралық олимпиада жеңімпазы: экономика – бұл сандар ғана емес, ол мемлекет пен адамға да қатысты

Халықаралық экономика олимпиадасының алтын медаль иегері Батырхан Мұхтархан өзінің жеңіске жету жолы мен экономика ғылымына деген қызығушылығы қалай басталғанын айтып берді.

«Экономика пәніне деген қызығушылығым мұғалімдердің экономикадан жаңа олимпиадаға қатысуға ұсыныс жасауынан кейін оянды. Алғашында экономиканы статистика, сандар мен жалпы ішкі өнім туралы ғылым деп ойлайтынмын. Бұл тақырыптарға қызығушылығым да жоғары болды. Олимпиадаға қатысып көрдім, сонда экономиканың бұдан әлдеқайда ауқымды ұғым екенін түсіндім. Экономика мемлекетке де, адамдарға да, олардың өзара қарым-қатынасына да қатысты», – деді Батырхан Мұхтархан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.

Ол халықаралық экономика олимпиадасына қатысқысы келетін оқушыларға математика, логика және олимпиаданың барлық кезеңі ағылшын тілінде өтетіндіктен ағылшын тілін терең меңгеруге кеңес берді.