Түркиядан Қазақстанға жаңа әуе бағыты ашылады

Түркиядан Қазақстанға жаңа әуе бағыты ашылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ертеңнен бастап Қазақстанның әуе тасымалдары нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы қосылатынын хабарлады.

Әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейсін ұйымдастыратын болады.

«Рейстер аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Boeing 737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.