15 миллион теңге сақталып қалды: Қостанай тұрғынын полицейлер алаяқтардың арбауынан құтқарды

15 миллион теңге сақталып қалды: Қостанай тұрғынын полицейлер алаяқтардың арбауынан құтқарды

Қостанай қаласының тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздады.

Өздерін Ұлттық банк қызметкеріміз деп таныстырған қаскөйлер оның жинақ ақшасына қауіп төніп тұрғанын айтып, қаржысын «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген.

Өкінішке қарай, азамат 4,5 миллион теңгені аударып үлгерген. Алайда полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, қалған 15 миллион теңгенің алаяқтардың қолына түсуіне жол бермеді.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Есте сақтаңыз:

Ұлттық банк те, екінші деңгейлі банктер де, полиция да ешқашан ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етпейді.

Бейтаныс адамдарға SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және жеке мәліметтеріңізді айтпаңыз.

Күдік тудырған қоңырау шалынса – әңгімені бірден тоқтатып, 102 нөміріне хабарласыңыз.

Бір сәттік сенім – өмір бойы жиған қаржыдан айырылуға себеп болуы мүмкін. Сақ болыңыз!