Кәсіпкерлер палатасы төрағасының алғыс хаты табысталды

Кәсіпкерлер палатасы төрағасының алғыс хаты табысталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай құттықтаулар толастар емес. Бұл жолы билік пен халық арасындағы алтын көпірді жалғап жүрген маман иелерін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер кеңесі Қостанай облыстық филиалының ұжымы құттықтады.

Астанадан арнайы жіберген Палатаның Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың Алғыс хатын облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Амановаға және бір топ журналисттерге табыстады. Төраға Қ.Шарлапбаев «қоғамды өзекті әрі объективті ақпаратпен қамтамасыз ету жолындағы еңбек пен отандық кәсіпкерлікті қолдау ға қосқан үлестері үшін» алғыс білдірген. Сондай-ақ жоғары кәсіби шеберлік пен адал еңбек, ақпарат саласын дамытуға қосқан үлес үшін шынайы ризашылығын жолдапты. Журналисттер қауымына шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейді.

Кәсіпкерліктің түйіні тоқсан тарау мәселелері мен іскер жандардың жетістігі, тәжірбиесі жайлы «Қостанай таңы» редакциясы жиі жазып жүр. Әлде де жазады. Мақсаты осы саланы дамытуға аз да болса өз үлесін қосу. Журналисттердің осы жолда жасаған еңбегі бағаланып жатса бұл оған шабыт пен қажымас қайрат берері рас.