“Тобыл” “Атырауды” жеңіп, финалға шықты

“Тобыл” “Атырауды” жеңіп, финалға шықты

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалының жауапты кездесуінде Қостанайдың “Тобылы” “Атырауға” қонаққа барды. Ойын қос команданың алма-кезек ортада доп алмасуымен өтті. Алайда ала доп көбінесе қостанайлықтардың иелігінде болды. Қонақтардың негізгі қапталдағы ойыншысы Алберт Габараев жарақатына байланысты екінші таймда кездесуді жалғастыра алмады. Орнын Бағдат Қайыровқа босатып берді. “Тобыл” командасы осы ойында бес бұрыштама көтеруімен көзге түсті. Соңғысы команда капитаны Серікжан Мужиков тарапынан сәтті орындалып, орталық қорғаушы Иван Рогач сол бұрыштан қарсыластар қақпасын басымен дәл көздеді. Жалпы қортынды есеп 2:0 “Тобылдың” пайдасында. Финалда қараша айында “Тобыл” шымкенттік “Ордабасы” командасымен кездеседі.

Жаңалықтармен бөлісу