Қостанайда Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Қостанайда Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Мерекелік іс-шараға облыстық және аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен сала өкілдері қатысты.

Онда мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызы, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырудағы мемлекеттік қызметшілердің рөлі және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудегі еңбегі аталып өтті.

Қатысушыларды кәсіби мерекемен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтіп, жауапты қызметтерінде табыс тіледі.

 – Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін маңызды сала. Өңіріміздің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық мемлекеттік қызметшілерге алғысымды білдіремін, – деді Бақытжан Хаберұлы.

blank

Мемлекеттік қызмет саласының дамуына елеулі үлес қосқан және қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жүрген қызметкерлер марапатталды. Оларға «Үздік мемлекеттік қызметші», «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілері табысталып, Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары берілді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blankМарапат иелерінің қатарында түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер мен көпжылдық тәжірибесі бар ардагерлер болды.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген Лариса БОЖКО