Ол туралы Қостанай қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға қызығушылық танытқан тұрғындар мен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде айтылды.
Іс-шара қалалық әкімдік тарапынан ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдары мен түрлі мемлекеттік мекемелерден барлығы 10 жұмыс беруші қатысты.

Жәрмеңкеге келгендер әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға арналған өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі бойынша кеңес алып, көкейдегі сұрақтарға жауап алды.

«Мұндай жәрмеңкелердің мақсаты — халықты жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру, жастардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету және мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту», – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.
Бүгінде Қостанай қаласының әкімдігінде 7 бос жұмыс орны бар. Мемлекеттік қызметте кәсіби мансап құруға ниетті азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді жағдай ұсынылуда.
Қымбат Досжанова
