«Жаңа Қазақстан» – жаңа бағыт

«Жаңа Қазақстан» – жаңа бағыт

Жаңа Қазақстандағы реформалар сайлау жүйесіне де көп өзгерістер әкелді. Президент дер уақытында өте дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймыз.


Мысалы, бұрын ауыл әкімдерін депутаттар сайлайтын. Енді, әкімдерді халық өзі сайлайтын болды. Біз осы бағытта 2021 жылдан бері бірнеше сайлау өткізіп, мол тәжірибе жинақтап үлгірдік. Ашық сайлаудың қажеттігін халық та жете сезініп отыр.  

 Жақында Арқалық қаласына қарасты Жалғызтал мен Жаңа қала ауылдарында кезектен тыс сайлау өтіп, ауыл әкімдері қайта сайланды.

Еске сала кетсек, мемлекеттік қызмет заңы бойынша ауыл әкімдерінің жоспарлы сайлауы – лауазымды тұлғаның өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты 4 жылда бір рет өткізіледі. Кезектен тыс сайлаудың өткізілу себебі – ауыл әкімдерінің өз өтініштерімен өкілеттігін тоқтатуына байланысты. Бірі  – қоныс аударса, екіншісі – қызметін ауыстырған.

  Жалпы, Арқалық қаласына қарасты 30 сайлау учаскесі бар. Оның 18-і ауылдарда орналасқан. Учаскелік сайлау комиссиялары осы жұмыстармен тікелей айналысады.      

  Сайлау туралы ақпарат пен сайлау комиссиясының ресми құжаттарына еркін қол жеткізуге болады. Қала әкімінің сайтында: Қаулылардың мәтіндері, күнтізбелік жоспар, комиссиялардың құрамы, округтердің шекаралары, кандидаттар туралы хабарламалар орналастырылылады.  

  Сайлау барысында өзін-өзі ұсынған үміткерлерсайлаушылардың жалпы санының кемінде 1 % – ін жинауы қажет. Өзін – өзі ұсынған кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың сенімділігі де жіті тексеріледі.

  Сайлауды күнтізбелік жоспарға сай кезең-кезеңмен өткіздік. Оған әр ауылдан үш-үштен өзін – өзі ұсынған алты үміткер қатысты. Үгіт – насихат жұмыстары да талапқа сай жүргізіліп, үміткерлердің барлығына тең мүмкіндік берілді.                                                                                              

  Сайлау нәтижесі бойынша: Жалғызтал ауылына – О.И. Кожиков, Жаңақала ауылына – М.Ж. Карин сайланды. Жаңа сайланған ауыл әкімдерінің екеуі де жас азаматтар. Олар бұған дейін аталған ауылдарда «ауыл әкімі аппаратының бас маманы» қызметтерін атқарған.

  Алдағы уақытта тағы 2 округ пен 1 ауыл әкімдерін сайлауды жоспарлап отырмыз. Қысқасы, жаңа сайлау системасы бойынша ендігі жерде «кімді сайлайды», «кімді тағайындайды» оның бәрі халықтың өз қолында.

  Баршаға белгілі Президентіміздің бастамасымен референдум өткіздік. Конституциямызға өзгерістер енгізілді. Халықтың пікірі ескерілді. Бұл да халықпен ашық жұмыс ұйымдастырудың нақты белгісі.

  Мемлекет басшысының тікелей сайлау өткізуге көшу бастамалары өте оңтайлы шешім. Сайлау жүйесіндегі өзгерістерге сай халық тек ауыл әкімдерін ғана сайлап қоймай, 2024 жылдан бастап аудан әкімдерін сайлауға мүмкіндік алады. Бұл дегеніміз еліміздегі қолға алынып жатқан демократиялық процестердің оң жемісі. Олай болса, «Жаңа Қазақстан» – жаңа бағытта деп ауыз толтырып толық айта аламыз.

Арыстан Айтмағамбетов,

Арқалық қалалық сайлау комиссиясының төрағасы.

Жаңалықтармен бөлісу