Домбыра — қазақтың жаны, тарихы мен тағдыры. Оның қоңыр үні ұлт рухын асқақтатып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
5 маусым — Ұлттық домбыра күніне арналған айлық аясында Арқалық қаласында ұлттық өнерді ұлықтаған “Күй шеруі” қала жұртшылығының назарына ұсынылды. Халқымыздың қасиетті мұрасы — домбыраны ұлықтауға арналған іс шараға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі студент жастары мен ұстаздары қала халқына өз өнерлерін көрсетті.

Қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлы айтулы мерекемен құттықтап, акцияның басты мақсаты – ұлттық құндылығымызды ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойына өнер мен мәдениетті сіңіре отыра , бір ай бойы айлық акция аясында қаламызда мәдени іс шараларға жалғасатынын жеткізді.
«Бүгінгі бастамамыз төл өнерімізді жаңғыртып, жастардың ұлттық мұрамызға деген қызығушылығын арттырады. Қасиетті домбырамыздың үні әр шаңырақтан естіліп, еліміздің мерейі асқақтай берсін! Баршаңызға шығармашылық шабыт, домбыраның үні әрқашан биіктен естіле берсін!»,-деді қала әкімі Әмірхан Асанов.
Ұлттық домбыра күні Арқалық қаласында жоғары сән — салтанатымен аталып өтпек.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы
