Меңдіқара ауданында биыл 305 мың гектар жерге дән себілген. Оның 60 мың гектары майлы дақылдар, 6,9 мың гектары жем-шөп және 166 гектары картоп пен көкөніс. Ең көп жер дәнді дақылға тиесілі – 237 мың гектардан асады.
Аудан экономикасының негізгі тіреуіші ауыл шаруашылығы саласы. Өнімі жалпы өңірлік өнім құрылымында 85%-тен асып жығылады.
Егіс жұмыстарын атқаруға аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 5 мың тоннаға жуық жанармай жеңілдікпен берілген.
– Ауыл шаруашылығына 2,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл басынан бері жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 28 трактор, 9 комбайн, 6 егіс кешені және өзге де 51 техника мен жабдық сатып алынды. Мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4 млрд 773 млн теңгеге жетті, – деді аудан әкімі Ғабит Бекбаев.
Бордақылау алаңдары мен ет өндіру кәсіпорындарында 160 бас бұқа бар. Сондай-ақ, 8,1 тонна сүт пен 2 мың тонна ет өндірілген. Аудандағы мал шаруашылығын одан әрі дамытуға ірі қара малдың тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізілуде.
– Тұқым асылдандыруға 61 шаруашылық 2 161 мал басын дайындап отыр. Ауданда “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 72 бас аналық ірі қара сатып алынды, – дейді аудан әкімі.
Ауданда шағын бизнес саласында 1371 субъект тіркелген, оның 1338-де 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
– Өнеркәсіптік өнім өндірісінің 75% астамы сүт өндеуге маманданған “ПК Вита” ЖШС тиесілі. Есепті кезенде кәсіпорын 1 млрд теңгеден асатын өнім өндірді. Қышқыл-сүт өнімінің 139 тоннасын, сүзбенің 57 тоннасын, майдың 313 тоннасын өндіріп отыр, – дейді аудан басшысы.
Тұрғын үй мәселесі де оңтайлы шешіліп келеді. Жыл басынан бері 1130 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Салаға тартылған инвестиция сомасы 61 млн теңге. Екінші мәселе жол болса, жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге және күтіп ұстауға 1 млрд 40 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.
– “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы шеңберінде 187,5 млн теңгеге ұзындығы 5,1 шақырым екі ауылдық округтің (Красная Пресня, Қасқат) 5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық бюджеттен Введенка ауылында 2,9 шақырым болатын 2 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаты есебінен Боровской ауылының Жеңіс, Абай, Тұрсынбай, Омбы, Чигадаев, Бексұлтанов көшелерінің жолдарын орташа жөндеуге 211,1 млн теңге бөлінді, – деді Ғабит Бекбаев.
Өңірлік коммуникациялар қыз-меті алаңында өткен брифингте аудан әкімі аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге де 1,8 млрд теңге бөлінгенін айтты. Осы жылы 32-60 шақырым аудандық маңызы бар Боровской-Ұзынағаш автомобиль жолының учаскесіне орташа жөндеу жүргізіледі, жұмыстар келер жылы толық аяқталмақ.