Ел тұрғындары таңмен таласа тұрып аудандық “Сатыбалды ишан” мешітіне айт намазын оқуға келді. Жаратқанның парызын орындағаннан кейін мешіт жанында орналасқан арнайы құрбан шалатын орында құрбандық шалу рәсімі басталды.Аудандық мешіттің шаруашлық меңгерушісі Нұрболат Хасеновтың айтуынша, аудан халқының пейілі жақсы.
— Бүгін қасиетті құрбан айт мерекесі. Таңнан бері 8 құрбандық шалынды. 40-тан астам аз қамтылған, көп балалы отбасыға сойылған малдың еттері таратылды. Кейбір құрбан шалдырушылар ет алуға келген адамдардың үйіне көліктерімен жеткізу үстінде, — дейді Нұрболат Тасболатұлы.
Б. МЕЙРАМҰЛЫ,
Суреттерді түсірген Бекзат ЕГІНБАЕВ
Аманкелді ауданы