Қостанайлық оқушы халықаралық байқаудың жеңімпазы

Қостанайлық оқушы халықаралық байқаудың жеңімпазы

«Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының 8 сынып оқушысы  Манаш Айбекұлы Шалғымбеков Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік XXX В.И.Вернадский оқуларының жеңімпазы атанды.

Ғылыми жобалар байқауына 1958 өтінім келіп түсіп, одан 1423 жарыстың бірінші кезеңіне өткізілген. Оның ішінде, 1067 жұмыс екінші кезеңге жолдама алып, 696 -ы қорғауға ұсынылды.

Манаштың әкесі Айбек Шалғымбеков тарих ғылымдарының кандидаты. Екі жыл бұрын саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы жарлық шыққан уақытта Торғай жеріндегі экспедицияларға немересі Манашты өзімен бірге ертіп барған. Жұмысына қажетті мәліметтерді суретке түсіріп, керекті адамдардап сұхбат алып, жобаға керекті ақпараттарды диктофон жаздырған.

Әкесінің айтуынша, “1864 жылы Торғай қаласында  Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектепте 14 қазақ баласының арасында Манаштың атасы Ержан білім алған.

— Әкеміздің тегі –БатырханШалғымбекұлы. Манаш шежіремен танысып, Ыбырай мектебі туралы мұражайға менімен бірге барып зерттей бастайды. Кіре берістегі “Бір Аллаға сыйынып” деген сөзін қолымен Кеңестік уақыт кезінде “Бір Құдайға сыйынып” деп жазғанын түсіндірдім. Балам осыдан басқа тың деректерді зерттеп, жетекшісіның көмегімен жобаны зерттеп электронды сайт ашты, — дейді.

Манаштың ұсынған жұмысы “Өлкеміздің белгісіз тарих беттерін электронды модельдеу: қуғын-сүргін жылдары”. Жұмыста Ыбырай мектебі, алғашқы дәрігер Қарабаев, ұлт ұстазы А.Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин туралы белгісіз фактілер зерттелініп, жұмыс бойынша электронды сайт ашылды. Сайтта тақырып бойынша қажетті мәліметтерді үш тілде алуға болады.

Манаш 2 сыныптан бастап түрлі ғылыми байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Материалдарын4 сыныпта “Зерде” республикалық ғылыми жобалар байқауында 1 орын иеленді. Аталған конкурста төрт жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Ғылыми зерттеумен бастауыш сыныптан бері айналысып жүрген жас өркеннің алар асуы алда.

Қаракөз МАҚАТОВА,

ҚӨУ студент

Жаңалықтармен бөлісу