Ерлікке тағзым: 100 жастан асқан ардагерге ерекше құрмет

Ерлікке тағзым: 100 жастан асқан ардагерге ерекше құрмет

Отан қорғаушылар күні – ел үшін жанын қиған ерлерді ұлықтайтын ерекше мереке. Биылғы мерекеде ғасыр жасаған соғыс ардагері Қасымхан Алдабергеновке көрсетілген құрмет – соның айқын дәлелі.


Жүз жастан асқан қарияға әскери ұйым өкілдері арнайы келіп, салтанатты түрде құттықтады. Әскери оркестрдің әуезді әуендері шырқалып, патриоттық әндер орындалып, айнала мерекелік көңіл-күйге бөленді. Ән мен күйге ұласқан бұл сәт тек ардагер атамызға ғана емес, сол маңдағы тұрғындарға да қуаныш сыйлады.

blank
Қасымхан Алдабергенов – ел басына күн туған шақта Отанын қорғауға аттанған, майдан даласында ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен жандардың бірі. Оның өмір жолы – бүгінгі ұрпақ үшін өнеге, ал ерлігі – мәңгілік мақтаныш. Осындай құрметтің көрсетілуі – ардагерлерге деген шексіз алғыс пен тағзымның белгісі.

blank
Салтанатты шара барысында әскери қызметшілер ардагерге ізгі тілектерін жеткізіп, құрмет көрсетті. Өз кезегінде Қасымхан ата ақ батасын беріп, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тіледі. Ол көрсетілген сый-құрметке ризашылығын білдіріп, ақжарма алғысын айтты.

blank
Мұндай игі іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты асыл қасиеттерді дәріптейді. Отан қорғаушылар күні аясында ұйымдастырылған бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор.

blank
Қасымхан Алдабергенов сынды ардагерлер – тарихтың тірі куәгерлері. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, ал көрсетілген құрмет – болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.