Жаңа бағыт айқындалды, реформа сараланды

Жаңа бағыт айқындалды, реформа сараланды

Бүгін өңірге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Аққожина мен Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ арнайы іссапармен келді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің жетекшілігімен облыс белсенділері дөңгелек үстелде бас қосты.

Әкім орынбасары айтарын облыстың экомикалық ахуалынан бастады.

«Қостанай облысы — аумағы бойынша елімізде 4-орын алатын индустриалды-аграрлық өңір. Облыс экономикасы бай минералдық-шикізат базасына және дамыған өнеркәсіп салаларына сүйенеді.  Өңір экономикасында өңдеуші өнеркәсіп жетекші рөл атқарады. Қазіргі үлесі 70%-дан асады. Бұл салада машина жасау, металлургия және тамақ өнеркәсібі басым бағыттары басымдық берілген. Экономикалық дамумен қатар халықтың өмір сүру сапасын арттыру басымдық болып қала береді. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қалада да, ауылдық жерлерде де сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жалпы, өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы алдағы институционалдық өзгерістер мен қоғамдық бірлікті нығайтуға берік негіз қалыптастырады», – деді Бақытжан Нарымбетов.

Негізгі тақырыпқа оралып, алдағы жоспарды ортаға салды.

«Бүгінгі еліміз үшін қоғамдық-саяси жаңғырулардың маңызды кезеңінде кездесіп отырмыз. Алғаш рет Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін және заңнамалық бастамашылық құқығына ие болатын жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі де конституциялық заңмен реттелетін болады. Бұл норманың мәні – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеру. Оның заңнамалық бастамашылық құқығының болуы – қоғам пікірінің енді тек талқыланып қана қоймай, нақты заң жобаларына ұласуына мүмкіндік беретінін білдіреді. Әсіресе, көпэтносты Қостанай өңірі үшін бұл өте маңызды. Өйткені аймақта түрлі этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Осындай ортада әрбір этностың, әрбір әлеуметтік топтың пікірін ескеру – тұрақтылық пен бірліктің басты кепілі», – деп атап өтті Бақытжан Нарымбетов.

Қазақстан Халық Кеңесі осы міндетті жүйелі түрде жүзеге асыратын тетік болмақ.

Кеңестің үш бөліктен – азаматтық қоғам, этномәдени бірлестіктер және жергілікті өкілді органдардан құрылуы да осыны көрсетеді.  Азаматтық қоғам – белсенді азаматтардың үнін жеткізсе, этномәдени бірлестіктер – ұлтаралық келісім мен мәдени әртүрлілікті сақтаудың кепілі, ал мәслихаттар мен басқа да жергілікті өкілді органдар – нақты өңірлік мәселелерді көтереді.

Ең бастысы – өңірлердің өкілдері Кеңес құрамында болады. Бұл дегеніміз, Қостанай сияқты облыстардың өзекті мәселелері, жергілікті халықтың сұраныстары мен ұсыныстары тікелей орталық деңгейде қаралады. Яғни, «өңірлердің дауысы» естілетін нақты механизм қалыптасқалы тұр.

Осылайша, Конституцияның негізгі ережелерін қаралып, мемлекеттілікті нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, экономика, ғылым, білім беру және инновацияларды дамытудағы, саяси жүйені жетілдірудегі маңызы талқыға түсті.

Ерекше назар Ата Заңда бекітілген іргелі қағидаттарға — адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығына, Әділетті Қазақстан идеясына, «Заң және Тәртіп» қағидаттарына, қоғамдық келісім мен орнықты даму қағидаттарына аударылатыны айтылды.

blank blank blank blank blank blank blank blank

Қ Р Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Үнзила Шапақ ұлттық құндылықтарға ерекше ден қойылғанын, осы тұрғыда алты бөліктен құралған заң шығарылым жатқанын айтты. Негізгі бағыты – отбасы мен қоғамға қатысты әлеуметтік жағдай қамтамасыз етіледі.

blank

«Қазір қоғам өзгеріп жатыр. Бұл өзгерістер алдымызға жаңа талаптар қойып келеді. Мемлекет басшысы тарапынан да, қоғам тарапынан да қойылған мәселе заман талабына сәйкес құқықтық іргетасымызды бейімдеу болатын. 15 наурыз күні тарихи таңдауымызды жасадық. Ондағы мақсат – ұрпақ болашағы тағдырлы шешім қабылдау. Осы орайда ұлттық құндылықтардың сақталуын сіңіруге тырыстық», – деді депутат.

Сенат депутаты Бибігүл Аққожина референдум кезінде атқарылған шараларға баға беріп өтті.

 

blank

Референдум қорытындысы бойынша Қостанай облысы тұрғындарының 89,74 пайызы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолданған. Дауыс беруге 435 848 адам қатысып, бұл жалпы сайлаушылар санының 73,12 пайызын құрап отыр.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Осы уақытқа дейін және одан кейін ұлттық заңнаманы жаңа конституциялық нормаларға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

Атап айтқанда, Конституцияны толыққанды іске асыру мақсатында бірқатар маңызды конституциялық заңдарды қабылдау жоспарланып отыр.

Мемлекеттің аумақтық тұтастығы қағидаттарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мен Астана қаласының мәртебесі конституциялық заңмен реттелетін болады.

Парламенттің бір палаталы моделіне көшу аясында «Құрылтай туралы» және тиісінше «Сайлау туралы» конституциялық заңдарды қабылдау жоспарлануда.

blank

Жаңа Конституция мәслихаттардың жергілікті өкілді өзін-өзі басқарудың негізгі институты ретіндегі рөлін күшейте іні сөз болды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жүйесінде олар азаматтар мен билік арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етіп, конституциялық қағидаттардың жергілікті деңгейде іске асуына ықпалын тигізетін маңызды буын болып қалыптасады.

Ол жайында облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Сайлаубек Ещанов айтты.

blank

Қоғамдық кеңес төрағасы Серік Бектұрғанов конституциялық реформалар аясында азаматтық қоғамдық бақылау мен мемлекет халық арасындағы диалог тетігінің маңызын түсіндірді.

blank

Осы орайда Қоғамдық кеңестер маңызды рөл атқарады. Олардың қызметі шешім қабылдау кезінде ашықтықты, есептілікті және қоғамдық пікірдің ескерілуін нығайтуға ықпал етпек.

Халықтық Конституция – ұлттық құндылықтар тақырыбына арқау болған мазмұнды пікірталас, салиқалы ойлар мен нақты ұсыныстарға бағытталған маңызды қадам болды. Жаңа Конституцияның қағидаттарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар марапатталды.

blankblank

blankblankblankblankblankblankblank

Референдумда белсенділік танытқан әріптестеріміз – Қымбат Досжанова мен Жандос Жүсіпбек Президент Алғыс хатына ие болды.

Айбек Жүзбай,

Суреттерді түсірген Василий Васильев