Нәтижелі қолдау: Allur Азия чемпионы Надежда Рябецке құрмет көрсетті

Нәтижелі қолдау: Allur Азия чемпионы Надежда Рябецке құрмет көрсетті

Allur кәсіпорны облыстың қай саласы болмасын өз тарапынан қолдауын үзген емес. Бұл жолы да астықтың өңірдің намысын қорғап, Азия чемпионатында абыройын асқақтатқан былғары қолғап шебері Надежда Рябец кәсіпорнында ерекше ілтипатқа бөленді.
Кәсіпорынның атқарушы директоры Аргулан Майконов арнайы қабылдап, спортшының жеңістерін жоғары бағалады.

Allur түрлі салаға қолдау білдіріп, қамқорлық жасап келеді. Осы жолы да облыс мақтанышына айналған Надежда Рябецке жалпы құны 1,5 миллион теңгені болатын қос сертификат табыс етті.

«Өңір мақтанышы Надежда Рябецтің биік белестерді бағындыруы – күллі Қостанай өңірі үшін үлкен мәртебе. Бұл спортшының, бапкерлер құрамының және бокс федерациясының жұмыла атқарған жұмысының жемісі. Allur спортты қолауда тартынып қалған емес. Біздің демеу өңірдің болашағына, жастар мен жаңа чеспиондардың көтеріліп, қалыптасуына қосылған үлес деп білеміз», – деді Аргулан Майконов.

Allur кәсіпорнының спорт саласына көрсеткен көмегі құр сөз емес, нақты нәтижелермен көрініс табуда. Бүгінде кәсіпорын Облыстық бокс федерациясына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Бұл спортшылардың халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғауына және кәсіби тұрғыда өсуіне жол ашады.

blank

Осы жыл Надежда Рябецтің есімі үлкен спорттық жетістіктің символына айналды. Ересектер арасындағы Азия чемпионатында 80 келі салмақ дәрежесінде ол алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қостанай облысына он жылдан кейін алғашқы жоғары, мәртебелі жүлде. Чемпиондық жолында Рябец жоғары дәрежелі турнир өткізді. Яғни, жартылай финалда үндістандық боксшыны жеңсе, финалда өзбекстандық спортшыны төрешілердің бірауызды шешімімен сенімді түрде ұтты.

blank

Чемпионның тағы бір маңызды жетістігі Болгария астанасы Софияда өткен беделді «Странджа кубогы» халықаралық турниріндегі жеңісі. Әлемдік әуесқой бокстағы ең беделді жарыс болып саналатын бұл турнирде де Надежда Рябец бірінші орынға көтеріліп, өзінің жоғары шеберлігі мен ең маңызды атақтар үшін күресуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

blank

Осы жеңістердің артында тек спортшының таланты, мінезі және ауыр еңбегі ғана тұрған жоқ, бұл бапкерлердің, Республикалық және Облыстық бокс федерацияларының, дайындыққа қатысқан барлық мамандар мен спортты жүйелі қолдап отырған серіктестердің ортақ командалық жұмысының нәтижесі. Дәл осындай ынтымақтастық спортшыларға жаңа деңгейге шығып, тарихи нәтижелерге қол жеткізуге серпін береді.

Қазіргі күні Надежда Рябецтің тарихы жеке спорттық жетістіктен әлдеқайда әлеуетті. Яғни, боксшының, бапкерлер құрамының, федерациялар мен әлеуметтік жауапкершілігі мол бизнестің күш-жігерін біріктіруі қалай даңқты жеңістерге айналатынының айқын үлгісі. Allur үшін осындай сәтте қолдау білдіріп, демеу болғаны жай ғана көмек емес, өңір спортының болашағы мен жастар алдындағы үлкен жауапкершілікті терең сезінгені.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді ұсынған – Allur кәсіпорнының баспасөз қызметі