Жерлесіміз олимпиада жүлдегері атанды

Жерлесіміз олимпиада жүлдегері атанды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9-12 сынып оқушыларынан құралған құрама команда информатика, математика, физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңдерінде жоғары нәтижелер көрсетті.

Қостанай қаласында информатика мен математикадан, ал Астанада физика және биология пәндерінен өткен финалдық кезеңдерге еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам оқушы қатысып, бақ сынады.

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12С сынып оқушысы Дидар Жалғасбаев республикалық олимпиадада ІІІ орын иеленді.

Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ұлттық олимпиадалық резерв құрамына енгізіліп, Қазақстан атынан халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Жас зияткерімізді құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!