Арқалық қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Балқаш қаласында бокстан өткен біріншілікте Имран Тантай 46 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсті.
Имран Тантай қаладағы №7 «Келешек» мектептің 8 – ші сыныбында оқиды. Бұл жолы Ақмола облысының, Астана, Қарағанды Шымкент қалаларының боксшыларымен 4 кездесу өткізген.


«Шәкіртіміздің жеңісі үшін зор қуаныштымыз. Алдағы уақытта да шәкірттеріміз биіктерді бағындыра берулері үшін үздіксіз жаттығуларымызды жалғастыра беретін боламыз», – дейді бапкері Марат Сейтмағанбет.

Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан 200 — ден астам спортшы қатысқан.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы
