Жоба «Synergy» ғылыми-білім орталығы» қоғамдық қоры тарапынан Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы тапсырысы бойынша әділ мемлекет, біртұтас ұлт және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру және нығайту бастамасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Байқаудың басты мақсаты — жастардың бойында отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ Торғай өңірінің тарихи рөлін дәріптеу.
Қатысуға 14 пен 35 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер шақырылады: колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, жұмыс істейтін жастар, балалары бар отбасылар, сондай-ақ жастар және қоғамдық ұйымдар (Жангелдин, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласын қоспағанда).
Байқау үш кезеңде өтеді:
I кезең – «Патриотизм — бұл біз» бейнероликтер конкурсы.
Қатысушыларға туған өлкеге деген сүйіспеншілік, өз отбасының тарихын немесе жастардың ел дамуына қосқан үлесі мен патриотизм туралы түсініктерін көрсететін қысқа бейнеролик жасау ұсынылады.
II кезең — интеллектуалды эстафета.
Қатысушылар Торғай өңірінің тарихы, Қазақстанның көрнекті тұлғалары мен маңызды оқиғалары туралы білімдерін көрсетеді.
III кезең — облыстық финал.
Соңғы кезең интеллектуалды квиз форматында өтеді. Қатысушыларға өңір тарихы туралы заманауи интерактивті форматтағы сұрақтар қойылып, логикалық тапсырмалар беріледі.
Байқаудың барлық қатысушылары диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады. I, II және III орын алған жеңімпаздарға Бас жүлде — көрнекті қайраткерлердің өмірімен танысып, тарихи орындарды, мұражай мен ескерткіштерді көруге мүмкіндік беретін Торғай өңірі бойынша экскурсиялық сапарға сертификаттар табыс етіледі.
Байқау жастардың азаматтық белсенділігін дамытып, патриоттық құндылықтарды нығайту үшін маңызды алаң болмақ.
