Қостанайлық оқушы олимпиада жеңімпазы атанды

Қостанайлық оқушы олимпиада жеңімпазы атанды

Алматы қаласында өткен жоғары сынып оқушылары арасында география және химия пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Андрей Енбахтов география пәнінен І орынды иеленді.

Андрей осылайша 11-сынып оқушылары арасында абсолютті чемпион атанды.

«Біз Андрей екеуміз жыл бойы әзірлендік. Бұл — оның терең білімі, тынымсыз еңбегі және жүйелі дайындығының айқын нәтижесі», – дейді жетекшісі Алмас Сәдуақасов.

Бұл жеңіс — табандылық пен білімге деген құштарлықтың жарқын үлгісі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрама командасы академиялық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, 9–11(12) сынып оқушылары арасында өткен география және химия пәндері бойынша республикалық олимпиадада тағы да көшбасшы атанды.

Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірінен 300-ден астам оқушы қатысты. Дәстүрлі түрде бәсекелестік жоғары болғанына қарамастан, NIS оқушылары тұрақты әрі жүйелі нәтижелер көрсетіп келеді.