Республикалық олимпиададан 5 медаль

Республикалық олимпиададан 5 медаль

Қостанайлық Даниил Гурский  мен Санжар Әлмағамбетов елорда төрінде алтыннан алқа тақты. Даниил «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатыда білім алып жатса, Санжар физика-математикалық лицейінің оқушысы. Бұл марапаттарды ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өз қолымен табыс етті.

Таир Әбдіқадір (дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты), Расул Оразалин (дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты) күміспен апталды. Абзал Өжентай (дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты) қола жүлдегер атанды.

blank blank blank blank

Олимпиада қорытындысы бойынша қостанайлық екі оқушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды. Олар Ислам Закимров (физика, «Білім-Инновация» лицей-интернаты) пен Надежда Гмыря (Рудный қаласы, №2 гимназия) болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 20–25 наурыз аралығында Астана қаласында физика және биология пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы өткен еді.

Аталған білім бәйгесіне Қостанай облысынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 12 оқушы қатысты. Олар Қостанай және Рудный қалаларындағы мектептердің, сондай-ақ дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары. Осылайша, Олимпиада қорытындысы бойынша облыс құрамасы 5 жүлделі орынға ие болып, 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.