Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов ҚР Президенті атынан аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, ел өміріндегі қоғамдық-саяси жұмыстарда белсенділік танытқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 18 наурыздағы Жарлығына сәйкес облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Сейітбек Қуанышбаев пен облыстық аумақтық комиссияның төрағасы Александр Юрьевич Малашкоға «Парасат» ордені берілді.

«AMANAT» партиясы» облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедовке «Құрмет» ордені тапсырылды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабылов марапатталды.

Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.
