Жаңа Конституцияны жеті миллионнан астам адам қолдап дауыс берген

Жаңа Конституцияны жеті миллионнан астам адам қолдап дауыс берген

Бұл туралы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өткен қорытынды жиында айтылды.

Республикалық референдумның нәтижесін қолдауға бағытталған ғылыми-академиялық қауымдастықпен дөңгелек үстелде ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов Орталық референдум комиссиясы ұсынған ресми мәліметтерге сүйене отырып, жаңа Конституцияны 7 954 666 азамат қолдап дауыс бергенін хабарлады.

«Бұл сайлаушылардың жалпы санының 87,15 пайызын құрайды. Референдум нәтижесі елді жаңғырту және мемлекеттілікті нығайту бағдарыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін тағы да дәлелдеді», – деді ол.

Қоғамның Әділетті Қазақстанды құру, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы ауызбіршілігін аңғартты.