Әскери бөлімнің тәрбиеге толы тағы бір беті жабылды. 2022 жылғы бірінші шақырылымның әскери қызметшілері Отан алдындағы борыштарын адал атқарып, үйлеріне, өскен ортасына қарай сап түзеді.
“Е.Өмірзақов атындағы облыстық жастар сарайында” болған салтанатты іс -шарада жеке құрамның аға сарбаздары, кешегі балаң жас толым емес, әскери өмірдің қыр-сырын меңгерген көздері, өздері өзгерген жігіттер болып бой түзеп еліміздің түкпір-түкпіріне аттанғалы отыр. Әскери бөлімнің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерінде көрсеткен жігерлігі мен қайсарлығы үшін сарбаздар “Орталық өңірлік қолбасшылығы ” қолбасшысы, бөлім командирі, облыс әкімі, бірлесіп қызмет атқарған құқық қорғау органдары атынан алғыс хаттармен, жауынгерлік туға фотомен марапатталды.
Сонымен қатар, ардагерлер мен қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, әскери бөлім ұжымына алғыстарын жаудырды. Кештің соңы филармония әншілерінің атынан ән-шашумен аяқталды.