Қостанай облысында білім беру саласын қаржыландыру 16,2 пайызға өсті

Қостанай облысында білім беру саласын қаржыландыру 16,2 пайызға өсті

Бюджеттің негізгі бөлігі сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталады.

Осы жылы 3 мектептің құрылысы аяқталады. 2025 жылға дейін 10 заманауи мектеп салу жоспарлануда, оның 8-і «Жайлы мектеп» жобасы аясында. Мұның бәрі 12 мыңға жуық оқушы орындарының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында да ілкімді істер атқарылып жатыр.

«Қостанай облысында 40 денсаулық сақтау нысаны жөнделуде. Оған шамамен 10 млрд теңге бөлінді. 3 жыл ішінде облыста 27 Денсаулық сақтау нысаны салынады, оның ішінде биыл 7 нысан тұрғызылады»,  – деді брифингте облыс әкімі Қ. Ақсақалов.

Жаңалықтармен бөлісу