Қалыпты әрі заңға сай: Қостанайдағы №62 учаскеде дауыс беру барысы

Қалыпты әрі заңға сай: Қостанайдағы №62 учаскеде дауыс беру барысы

Қостанай қаласында референдум аясында дауыс беру учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. №62 учаскеде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.

Учаскелік комиссия мүшелері дауыс беру барысының ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз етуде. Комиссия төрағасы Зухра Иманованың айтуынша, учаскеде сайлаушылардың өз таңдауын еркін жасауына барлық жағдай жасалған.

– Ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. Дауыс беру барлық қажетті талаптарды сақтай отырып, қалыпты режимде өтіп жатыр. Учаскеде сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған: жұмыс белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, процестің ашықтығы қамтамасыз етілген. Азаматтардың өз дауысын еркін беруіне мүмкіндік бар. Комиссия мүшелері дауыс беру тәртібінің сақталуын бақылап, қажет болған жағдайда сайлаушыларға жедел көмек көрсетеді, – деді учаскелік комиссия төрағасы.

Оның айтуынша, №62 учаскеде жұмыс тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтіп жатыр, ал дауыс беру процесі ашық және ешқандай ескертусіз жалғасуда.