«AMANAT» партиясы «Мирас» өнер ұжымының концерттік бағдарламасын ұсынды

«AMANAT» партиясы «Мирас» өнер ұжымының концерттік бағдарламасын ұсынды

Алдағы референдумға байланысты «Қостанай плаза» сауда орталығында «AMANAT» партиясы филиалының жалпы ұлттық коалиция мүшелері қалалық «Мирас» шығармашылық ұжымымен мерекелік концерт ұйымдастырды.

Концертте Ата заңның жаңа жобасын үндеуге бағытталған ел бірлігі, тәуелсіздік, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптейтін мазмұнды бағдарлама ұсынылды.

blank blank blank Жалпы ұлттық коалиция мүшесі Дмитрий Павленко да Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасқанын айтып, ел болашағы әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін жеткізді.

blank blank blank blank blank blank blank blank Бейбітшілік, тұрақтылық және ел игілігі жолындағы бірлік мәселесіне ерекше тоқталды. Жиналғандарды әр бапқа енгізілген өзгерістер қызықтыра түсті.

«Жуырда осы жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Маңызды құжаттың қолданысқа енуі сіздердің қолдарыңызда. Наурыз айының он бесінде референдумда бір кісідей дауыс беруге шақырамыз», – деп түйіндеді қалалық мәслихаттың депутаты.

blank blank Бағдарлама «Мирас» би ансамблінің орындауындағы «Той бастар» қазақ биімен ашылды. Патриоттық кеште Нұржан Жақсан «Алға қазақ жігіттері», «Досым бар» әндерін орындаса, Руслана Пономарева «Отандастар», «Счастье» әндерін келістіре шырқады.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank Диас Кенжеғарин «Еркіндік бердім», «Мой Казахстан» әндерін әулетті. Нұрсұлу Құснетова «Арманай», Күнсұлу Жақаева «Қазақ елі» әнімен сахнаға шықты. Әнуар Оспановтың «Мой Казахстан» әні көрермен ықыласына бөленді. Күнсұлу Жақаева мен Әнуар Оспанов сахнаға қайта шықты. «Алтын бесік» әнін шырқап, концерттің көркемдік қорытындысын жасады.

blank blank

Бағдарлама көрермендердің сұрауымен екінші бөлімі жалғасын тапты. «Мирас» ансамблі «Заурен» биін орындап, Наталья Чернова «Земля родная», «Одного» әндерін көрерменге тарту етті. Ал Сауле Жұмабай «Сәлем Қазақстан», «Ол сізді сүйеді екен» әндері арқылы кештің мазмұнын толықтырды. Концерт соңында Ерлан Сапаров «Менің елім» әнін орындап, мерекелік іс-шараны түйіндеді.

Ел тарихы, бірлік пен татулық, азаматтық жауапкершілік тақырыптары кеңінен қамтылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембсаев