Арқалықта қалалық ардагерлер ұйымы бас қосты

Арқалықта қалалық ардагерлер ұйымы бас қосты

XV есеп беру — сайлау конференциясының жұмысына қала әкімі Әмірхан Асанов пен ардагерлер ұйымы облыстық филиалының төрағасы Батырбек Ахметов те қатысты.

Конференция делегаттарын құттықтауында қала әкімі Әмірхан Асанов:

«Ардагерлерге елімізде Президент басшылығымен үнемі қолдау көрсетіліп келе жатқанын, бұл үрдістің алдағы уақытта да үдей беретінін» тілге тиек етті.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров өз есебінде ардагерлер ұйымының жыл бойы атқарған жұмыстарын саралап, әрқайсына нақты тоқталып, бүге – шігесіне дейін баяндап, жіпке тізіп шықты. Қысқасы, слайд арқылы әрін кіргізіп, толымды баяндама жасады.

blank

2026 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша Арқалық өңірінде қала және ауылдарда 5042 зейнеткер бар. Ардагерлер ұйымының 20 бастауыш ұйымы жұмыс істейді.

blank blank blank blank blank blank blank

Өмір тәжірибесі мол ардагерлер қай істен де шет қалмайды. Пленумда 6 адам, алқа отырысында 23 адам сөйлеп, 17 ұсыныстар мен сын – ескертпелер айтылған.

«Қалада 29 тыл ардагері, 3 соғыс ардагерінің жұйбайы, 163 жалғызбасты зейнеткер тіркелген. Осы санаттағы зейнеткерлерді қала әкімдігі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламала бөлімі қамқорлыққа алып, мүмкіндігінше көмек көрсетуде. Олардың үйлеріне барып, тұрмыс жағдайларымен танысып, рухани жағдай жасап, материалдық көмек те беріліп келеді. Екі жыл ішінде қала әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы бірге 32 зейнеткердің үйіне, қала әкімінің орынбасары 20 тыл ардагерлеріне барды», – деп атап өтті қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров өз баяндамасында.

blank

Жиында сондай – ақ, тексеру комиссиясының төрағасы Нүрлан Хамзин, «Белсенді ұзақ өмір» орталығының жетекшісі Сұлушаш Әбдібекова және басқалар сөз алып, атқарылған жұмыстардың есебін берді.

blank blank blank

blank

Облыстық филиалының төрағасы Батырбек Ахметов қалада атқарылып жатқан жұмыстардың барысына қанағаттанарлық баға беріп, орайы келгенде ардагерлер ұйымының облыс бойынша атқарылған жұмыстарына да қысқаша тоқталып өтті.

 Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы