Биометриялық тексерусіз онлайн-несие берілмейді

Биометриялық тексерусіз онлайн-несие берілмейді

Бұдан былай банк пен микроқаржы ұйымдарынан онлайн-несие алу үшін биометриялық тексеруден өту міндеттеледі. Бұл ақпарат Jibek joly телеарнасында айтылды.

Жаңалықтар қызметінде мәлімделгендей, жүйе адамның «тірі» екенін анықтау үшін «басыңды бұр», «көзіңді жыпылықтат» деген сияқты бірнеше тапсырма береді. Егер тексеріс үш реттен өтпесе, кредит берілмейді. Тексеру кезінде алынған бейне мемлекеттік дерекқордағы немесе арнайы базаға енгізілген суретпен салыстырылады.

«Осылайша бөтен адамның фотосын немесе видеосын пайдалану мүмкіндігі шектелмек. Биометриялық тексерістің нәтижесі электронды түрде тіркеліп, банк немесе микроқаржы ұйымында сақталады. Барлық мәлімет қауіпсіз жүйе арқылы өңделеді. Жаңа ережелер 10 күннің ішінде күшіне енеді», – делінеді ақпаратта.

Бұған дейін депутат Мұрат Әбенов банктер кредит бергенде дұрыстап тексермейтінін мәлімдеген. Оның айтуынша, банктер клиенттердің жеке басын куәландыратын эталондық деректер базасына тікелей қол жеткізе алмай отыр.

иллюстрация: kursiv.media