БЖЗҚ ақпаратынша, зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет бекіткен әдістемеге сәйкес есептеледі.
Жаңа тәртіп бойынша зейнетақы төлемдерін алғаш рет алатын азаматтардың ай сайынғы төлемі зейнетақы жинақтарының сомасы мен төлеу мөлшерлемесі (6,5%) негізінде есептеліп, 12 айға бөлінеді. Келесі жылдары төлемдер индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес жыл сайын 5 пайызға өседі.
БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызына тең. Ал ең жоғарғы мөлшері зейнетақы жинақтарының көлеміне байланысты шектелмейді.
