Қардың қалың түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері көшелерді дер кезінде тазалап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша техника мен жол жұмысшыларының бригадаларын тарта отырып, күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.
Барлығы 165 техника және 50 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Жұмыстар үздіксіз, түнгі уақытта да жүргізілуде. Қар тазалау шаралары көше-жол желісінің қысқы күтімі бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес ұйымдастырылған. Ең алдымен магистральдық жолдар, қозғалыс қарқыны жоғары негізгі көшелер, қоғамдық көлік жүретін бағыттар, сондай-ақ ауруханалар, мектептер және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарға апаратын жолдар тазаланады. Одан кейін техника II және III санаттағы көшелерге кіріседі.
Тазалау жұмыстарына қарды механикалық жинау, көктайғаққа қарсы өңдеу және қарды қаладан шығару шаралары кіреді.
Коммуналдық қызметтердің жұмысы тәулік бойы ұйымдастырылған. Қала әкімдігі тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және мүмкіндігінше арнайы техниканың жұмысына кедергі келтіретін орындарға автокөліктерін қоймауға шақырады.
