Қамқорлық пен құрмет: «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының нәтижелері

Қамқорлық пен құрмет: «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының нәтижелері

Бүгінде Қазақстанда 2,5 миллионнан астам зейнеткер бар. Оларға құрмет сөзбен емес, нақты іспен көрсетілуі тиіс. Осы бағытта «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жүзеге асырылып келеді.

Қарттар мекемелері жіті бақылауда — республика бойынша 253 рейд ұйымдастырылды.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына 78 мыңға жуық зейнеткер қатысып, білім алып, спортпен және шығармашылықпен айналысуда.

45 мың жалғыз тұратын қартқа үйіне дейін нақты көмек көрсетілді: дәрі-дәрмек пен азық-түлікті жеткізу, үйді жинау және ұсақ жөндеу жұмыстары.

Шалғай ауылдарда дәрігерлер көшпелі қабылдау жүргізіп, мыңдаған тексерулер өткізілді.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ардагерлерге арналған іс-шаралар ұйымластырылды.