Соңғы екі жылда 7 сүт-тауар фермасы іске қосылды

Соңғы екі жылда 7 сүт-тауар фермасы іске қосылды

Өңірдің агроөнеркәсіп кешені мал шаруашылығының қарқынды дамуы есебінен нығайып келеді. Бұл туралы облыс басшысы елордадағы брифингте мәлімет берді.

«Соңғы жылда ірі қара мал саны 3 мың басқа көбейіп, ет өндірісі 57,3 мың тоннаға жетті, бұдан датұрақты өсімді байқауға болады. Сүт көлемі 214,9 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 9,5% көп. Соңғы екі жылда 46,4 мың тонна сүт өндіретін 7 сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Тағы 5 сүт-тауар фермасы салынып жатыр. Фермаларды пайдалануға беру сүт өндірісін ұлғайтуға, қайта өңдеуші кәсіпорындардың тұрақты жүктемесін қамтамасыз етуге, ауылдық жерде жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді», – деді Құмар Ақсақалов.