16 мая, 2025
Компания жұмыскерлеріне және олардың балаларына жәрдем көрсетті

Компания жұмыскерлеріне және олардың балаларына жәрдем көрсетті

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Қостанай минералдары» АҚ мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған өз жұмыскерлерінің отбасына көмек көрсетті.

Бұл – аталмыш компания жыл сайын жүзеге асыратын әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық іс-шарасы.

Айта кетейік, «Қостанай минералдары» АҚ осы мақсатқа 700 мың теңгедей ақша бөлді. Материалдық көмекпен жалпы саны 23 бала асырап отырған 22 қызметкер қамтылды.