Арқалықтықтар домбыра тартып, сыйлық алды

Арқалықтықтар домбыра тартып, сыйлық алды

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында «Dombyra Gift Challenge» атты заманауи көше форматындағы іс — шара ұйымдастырды.

Айтулы іс-шара барысында қала тұрғындары мен жастарға: «Домбыра тартып көрсеңіз – сыйлық береміз» деген ұсыныс жасалып, кез-келген қатысушы домбырамен  әуен айтып, белгілі бір сыйлыққа ие болды.

blank

Қатысушылардың қуанышты эмоциялары, домбыра үні және шағын импровизациялар  ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның серіктесі — Bro Burger. Домбыра тартқан қатысушыларға Bro Burger тарапынан арнайы сыйлық сертификаттары табысталды.

Солардың бірі қала тұрғыны, ұстаз Нұрлыбек Иманқұлов.

blank

«Бүгінгі жастарымызға домбыраны насихаттау, мынау терме, күй өнерін насихаттау үлкен жұмыс деп ойлаймын. Нағыз қолға алатын мәселе. Қаламызда жылма жыл ұйымдастырылып жатыр. Әсіресе, мектеп оқушылары күй тартысқа қатысып, өздерін өнер қырынан көрсетіп келеді. Қазақтың домбырасы шарықтай берсін. Балаларымыздың өнері өркендей берсін. Домбыра әр үйдің төрінен табылсын», – дейді қала тұрғыны.

Бұл бастама — ұлттық өнерді қазіргі жастар арасында кеңінен танытуға,  сонымен қатар Тәуелсіздік мерекесінің рухын нығайтуға бағытталған.

                                                                                                                 Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                       Арқалық қаласы