Қазгидрометтің Қостанай облысы бойынша филиалы ертең ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті.
Демек, ертең Қостанай облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде қар борап, көктайғақ болады. Тұман түсіп, солтүстік-шығыстан қатты жел соғады.
«9 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы 22-24° градусқа дейін төмендейді, ал 10 желтоқсанда 23-25° градус аяз болады. Облыстың солтүстігінде ауа температурасы 28 градусқа дейін күрт төмендейді. Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды, ал жүргізушілерден жолда мұқият болуды сұраймыз», – деп хабарлайды Қазгидромет.
