Қостанай қалалық білім бөлімі ертеңнен бастап барлық білім беру ұйымдарында оқу дәстүрлі форматта қайта жалғасатынын хабарлады.
«Бұл шешім эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және ЖРВИ мен тұмау ауруларының тіркелу деректерінің азаюына байланысты қабылданып отыр. Бұған дейін вирустық аурулардың өршуіне байланысты қала мектептерінде сабақтар уақытша онлайн форматқа көшірілген болатын. Енді эпидемиологтардың оң қорытындысынан кейін оқушылар мен ұстаздар мектепке қайта оралады», – деп хабарлайды қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.
Білім бөлімі ата-аналар мен оқушыларға санитарлық талаптарды сақтау қажеттігін ескертіп, аурудың алдын алуға бірге атсалысуға шақырды.
