Браконьерлер ұсталды

Браконьерлер ұсталды

Жангелдин ауданында браконьерлік жасады деген күдікпен үш тұрғын ұсталды. Полицейлер олардың автокөлігін тоқтатып, ішінен тіркелмеген қару мен жүн ізі бар пышақты тапты. Жақын маңнан ақбөкенге ұқсас жануардың өлі денесі табылды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-1-бабы – «Қызыл кітапқа енгізілген жануарларға қатысты заңсыз аңшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға 20 қазаннан 19 қарашаға дейін елімізде өтіп жатқан «Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында тіркелді. Тек Қостанай облысының өзінде 800-ге жуық рейд өткізілді. Нәтижесінде 150 құқықбұзушылық анықталды, оның 78-і – аңшылық ережесін, 28-і – балық аулау тәртібін бұзуға қатысты.

Браконьерлікпен күрес жалғасуда, ал елдің табиғи байлығына қол сұққан әрбір адам заң алдында тиісті жазасын алады дейді ПД.

Сералы МЫРЗАБАЙ