Облыстық полиция департаменті бұл жағдайды РМК «Резерв» аумағында полиция, өрт сөндіру және жедел медициналық көмек қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуының өтуімен түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде әртүрлі қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау және іс жүзіндегі дайындық деңгейін арттыру. Оқу-жаттығу бүгін сағат 15:00-ге жоспарланып отыр.
«Оқу-жаттығу кезінде қозғалыс шектеулері енгізіледі. Атап айтқанда, Мәуленов — Л.Беда және Мәуленов — Фролов көшелерінің қиылыстарында автокөлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы уақытша тоқтатылады. Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
